ИГИЛ-ға өз еркімен кірген қазақстандық әйел елге қайтуды армандайды (видео)

0
1 388

Жанарды ИГИЛ жауынгерлері басқа мемлекетке сатып жібермекші.


ИГИЛ-ға өз еркімен кірген қазақстандық әйел елге қайтуды армандайды (видео)

ERNUR.KZ. 5 жыл бұрын ИГИЛ террористік ұйымына қосылған қазақстандық әйел елге қайтқысы келеді, деп жазады qamshy.kz.

Сирия демократиялық күштері гуманитарлық дәлізді ашқан соң ИГИЛ әскерлері құрамындағы мыңдаған отбасы Әл-Холь лагеріне аттанды. Көп отбасы ИГИЛ құрамына кіргендеріне қатты өкінді.

Әл-Хол лагерінде тұрып жатқан отбасылардың ішінде қазақ отбасы да бар. Олар ИГИЛ құрамына 5 жыл бұрын кірген екен. ANHA ақпараттық агенттігіне сұхбат берге Жанар Сирияға қалай барғаны, ИГИЛ құрамына қалай кіргені жайлы айтып берді.

5 баланың анасы, 26 жастағы Жанар араб тілінде сөйледі:

«ИГИЛ жайлы интернеттен оқыдым, содан кейін құрамына қосылуды шештім. Түркия шекарасы арқылы Алеппоға жеттім, кейін Раккаға бардым. ИГИЛ халифатының дәстүріне сәйкес, қазақ әскеріне тұрмысқа шықтым. Дүниеге үш баламыз келді. Күйеуім Сирия демократиялық күштерімен болған соғыста қаза тапты», - деді Жанар.

Кейін Жанар Аш-Шададиге қоныс ауыстырды да басқа жиһадшыға тұрмысқа шықты. Сөйтіп дүниеге егіздер келді. Аш-Шададиді азат еткен соң Жанар ирактық Тел-Афар қаласына, ол жақтан Әл-Багузға аттанды. Соңғы қадам Сириядағы ИГИЛ жиһадшылары болды.


Жанар контрабандашылардан қашып құтылмақ болды, бірақ қолынан келмеді.

«Жалдамалылар бізді саудаға салды, жиһад некесі үшін пайдаланды», - деді әйел.

Жанарды ИГИЛ жауынгерлері басқа мемлекетке сатып жібермекші болған немесе өлтіруі де мүмкін еді. Ал әйел бес баласымен Қазақстанға, өз Отанына қайтқысы келеді.