​ІІМ-де синтетикалық есірткілермен күрес талқыланды

0
1 368

Негізгі акцент жаңа психобелсенді заттарды таратудың, осы мақсатта Интернет- ресурстарды, мессенджерлерді және электронды төлем жүйелерін пайдаланудың жолын кесуге жасалды.


​ІІМ-де синтетикалық есірткілермен күрес талқыланды

сурет:mail.kz

Ішкі істер министрі Қ.Қасымовтың төрағалық етуімен Есірткі бизнесіне және нашақорлыққа қарсы іс-қимыл жасауға бағытталған мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық штабтың отырысы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс-шараға Ведомствоаралық штабтың мүшелері:Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, қорғаныс, ақпарат және коммуникация, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт, сыртқы істер министрліктерінің, Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер және қаржы мониторингі комитеттерінің басшылары, сондай-ақ Ұлттық банк, Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығының және «QIWI Kazakhstan» ЖШС өкілдері қатысты.

Штабтың отырысы барысында синтетикалық есірткілерді таратуға қарсы күрес мәселелері, сондай-ақ инъекциялық есірткілерді тұтынушы есірткіге тәуелділерді емдеуде апиынды алмастырушы терапияны бұдан әрі қолдану перспективалары қаралды.

Негізгі акцент жаңа психобелсенді заттарды таратудың, осы мақсатта Интернет- ресурстарды, мессенджерлерді және электронды төлем жүйелерін пайдаланудың жолын кесуге жасалды.

Сонымен қатар есірткі заттарды заңсыз тарату саласындағы қылмыстарды сотқа дейінгі тергеу шеңберінде алынатын заттардың сот-химиялық сараптамаларын жүргізу мәселелері талқыланды.