ІІМ: Елде көбінесе із-түссіз жоғалатындар – ер адамдар

0
466

Осы жылдың 9 айында 2075 адам із-түссіз жоғалған адам ретінде іздеуде болған.


ІІМ: Елде көбінесе із-түссіз жоғалатындар – ер адамдар

ERNUR.KZ. Қылмыстық полицияның аса маңызды істер жөніндегі аға анықтаушысы Нұрлан Темірбаев хабар-ошарсыз кеткен адамдарды іздеу шаралары туралы айтып берді, деп жазады ulysmedia.kz.

Оның айтуынша, осы жылдың 9 айында 2075 адам із-түссіз жоғалған адам ретінде іздеуде болған. Оның 1189-ы бүгін де табылды. Бүгінде тәртіп сақшылары 801 адамды іздестіріп жатыр. Қалған істер қысқартылды.

Сондай-ақ осы кезеңде кәмелетке толмаған 186 балаға іздеу жарияланып, оның 176-сы табылды.

Темірбаев Қазақстанда көбінесе ер адамдар жоғалатынын айтады.

«Статистика көрсеткендей, көп жағдайда ер адамдар жоғалады. Бұл олардың маусымдық жұмысқа, түрлі рейстерге және іссапарларға кетуіне байланысты», - деді ол.

Әйелдер арасында, Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, ішімдікке салынғандар жиі жоғалады. Ал жасөспірімдер арасында тұрмысы нашар отбасынан шыққандарға көбірек іздеу жарияланады.