ІІМ: Ресейдің 10 мың азаматы қазақстандық ЖСН алды

0
629

24 ақпаннан бері 108 мың ресейлік Қазақстанға келді.


ІІМ: Ресейдің 10 мың азаматы қазақстандық ЖСН алды

ERNUR.KZ. Соңғы үш айда Ресей азаматтары үшін 10 мыңнан астам жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) жасалды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

2022 жылдың 24 ақпаны мен 2 сәуірі аралығында Қазақстанға 108 мыңнан астам ресейлік келді, сол сияқты 100 мыңға жуық адам елден кетті.

Министрліктің хабарлауынша РФ азаматтары мемлекеттік шекараны кесіп өткеннен кейін Қазақстанда 90 күн бола алады.

Бұған дейін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл басынан бері Қазақстанға 6,3 мыңнан астам ресейлік келгенін хабарлаған болатын. Дегенмен көрші елден азаматтардың ағылуы байқалмайды. Өткен жылы ҚР-ға 18,8 мың РФ азаматы келген болатын.