ІІМ тергеу изоляторында Қырғызстан азаматының аштық жариялағаны туралы ақпаратқа пікір білдірді

0
417

Бұған дейін БАҚ Қырғызстан азаматы Артур Ибрагимовтің Алматыдағы №72 түзеу мекемесінің тергеу изоляторында отырғандығы туралы жазған болатын.


ІІМ тергеу изоляторында Қырғызстан азаматының аштық жариялағаны туралы ақпаратқа пікір білдірді

ERNUR.KZ. Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Алматыдағы тергеу изоляторында шетелдіктің аштық жариялауы туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп жазады tengrinews.kz.

Бұған дейін БАҚ Қырғызстан азаматы Артур Ибрагимовтің Алматыдағы №72 түзеу мекемесінің тергеу изоляторында отырғандығы туралы жазған болатын. Ұсталған жігіттің туыстарының айтуынша, ер адам қамаудағы жағдайға, тамаққа шағымданып аштық жариялаған. Ол сондай-ақ камералар дымқыл және төсек-орындар берілмейді деп мәлімдеген.

"Мен бұған дейін прокурорға қадағалауға өтініш беріп, келуін өтіндім. Бірақ ешкім келмеді. Сондықтан өз-өзіме қол жұмсауға мәжбүр болып, қолымды кестім", - дейді ол.

Tengrinews.kz редакциясының тілшісі осыған байланысты пікір алу үшін ҚАЖК-ке жүгінді. Ведомство бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтты.

"Қамауға алынған Қырғызстан азаматы бұрын Қылмыстық кодекстің 188-бабының 3-бөлігі "Ұрлық" бойынша бірнеше рет сотталған, ол өткен жылдың қазанынан бері №72 мекемеде қамауда отыр. Бүгінде тамақ беру ішкі тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады. Сондай-ақ ол аштық жариялау туралы өтініш бермеген, өзіне дене жарақатын да салмаған", - деп хабарлады комитеттегілер.

Сонымен қатар, мекемеде санитарлық-эпидемиологиялық қызмет тарапынан жүйелі түрде тексерулер жүргізіліп, камералардың техникалық жағдайы да тексерілетіні атап өтілді.