Иіс тиген балалардың әкесі жауапқа тартылды

0
1 154

Биылғы жылыту маусымында ШҚО бойынша 38 адамға иіс тиіп, бесеуі ажал құшқан.


Иіс тиген балалардың әкесі жауапқа тартылды

ERNUR.KZ. Шемонаиха ауданының Камышинка ауылында 13 және 16 жастағы балалар иіс тиіп, ауруханаға түскен болатын. Үй иесі жауапқа тартылды, деп жазады ҚазАқпарат.

Облыстық төтенше жағдай департаментінің хабарлауынша, балалар бастары ауырып, жүрегі айныған соң дәрігер шақыртқан. Ақ халаттылар баларды иіс тиюі мүмкін деген күдікпен жансақтау бөліміне жатқызып, төтенше жағдай қызметіне хабарлайды.

«Аудандық төтенше жағдай өкілдері үйді мұқият зерттеп, отағасы түтікті соңғы рет өткен жылдың көктемінде тазалағанын анықтады. Пештің мойнына ыс толып, түтік тартпайтын жағдайға жеткен. Өрт қауіпсіздігін сақтамағаны үшін балалардың әкесі әкімшілік жазаға тартылды» - дейді департамент өкілі Анастасия Скляр.

Қазір екі бала да жансақтау бөлімінен палатаға көшірілген. Таяу күндері үйге оралады деп күтілуде. Биылғы жылыту маусымында ШҚО бойынша 38 адамға иіс тиіп, бесеуі ажал құшқан.