​IKomek орталығының тәжірибесі Қазақстанның барлық өңірлеріне енгізіледі

0
1 207

iKomek орталығының қызметі аясында бүгін стратегиялық KPIs, елорданы дамыту жобалары, азаматтардың өтініштерімен жұмыс істеу, қаланың жүйелі түйткілдері сияқты қаланы басқарудағы басты мәселелер толықтай цифрланған және оларға онлайн түрде мониторинг жасалады.


​IKomek орталығының тәжірибесі Қазақстанның барлық өңірлеріне енгізіледі

ERNUR.KZ. Бүгін жергілікті атқарушы органдардың барлық өңірлердегі өкілдері Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қалалық iKomek мониторинг және жедел әрекет ету орталығында болып қайтты, деп жазады ҚазАқпарат.

Қонақтар 109 интеллектуалды байланыс орталығының, бірыңғай қалалық бейнебақылау жүйесі мен талдау орталығының жұмысымен танысты. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен, қалалар, аудандар әкімдері цифрлық технологияларды пайдалана отырып, ашық кедергісіз кеңістікте бір терезе қағидасы бойынша халыққа қызмет көрсету жүйесін енгізуі қажет. Мұндай тиімді қызмет көрсетудің үлгісі - елордалық iKomek мониторинг және жедел әрекет ету орталығы болып табылады. iKomek орталығы 2018 жылдың басынан бері орын алған жағдаяттар мен апаттарды шешуде коммуналдық және жедел қызметтер жұмысын үйлестіру және бақылау, сонымен қатар азаматтардың өтініштерін қабылдау мақсатында жұмыс істейді.

«2018 жылдың басынан iKomek орталығына миллионнан астам өтініш келіп түсті. Оның 77% «бірінші қоңыраудан-ақ» шешілді. 2019 жылдың басынан 570 мың өтініш қабылданды. Қала тұрғындарына қызмет көрсететін 17 әкімдік басқармасы, 33 коммуналдық және авариялық қызметтер, 81 лифт шаруашылығы, 605 ПИК пен 13 мемлекеттік медициналық ұйым қазір «109» нөмірімен алмастырылды. Өтініштердің негізгі легі (74%) 109 телефон нөмірі арқылы келіп түседі. Алайда бір ай бұрын бұл пайыздық көрсеткіш 85%-ға жетті. 4 наурызда біз өтініштерді енді + 7 747 109 0 109 whatsapp нөмірі арқылы да қабылдайтынымызды жариялаған болатынбыз. Бір ай ішінде біз өтініштердің цифрлық форматқа ауысын 11 %-ға жеткіздік. Бұған дейін бізде басқа да өтініш беру тәсілдері жұмыс істеп келген (телеграм, әкімдік сайты, мобильді қосымша)» - деді iKomek орталығының басшысы Жаннат Дүбірова.

Мұнан басқа, iKomek орталығының қызметі аясында бүгін стратегиялық KPIs, елорданы дамыту жобалары, азаматтардың өтініштерімен жұмыс істеу, қаланың жүйелі түйткілдері сияқты қаланы басқарудағы басты мәселелер толықтай цифрланған және оларға онлайн түрде мониторинг жасалады.

«Қала дамуы мен қалалық сервистердің стратегиялық KPIs үш деңгейлі жүйеге бағынады. Әрбір көрсеткіш әкімнің жетекшілік етуші орынбасары мен басқарма басшысына бекітілген. Бұрын тиімділік көрсеткіштері жылына бір рет бағаланып, мәліметтерді жинап, есептеу көп жұмысты қажет ететін болса, қазір олар автоматты түрде саналады, ақпарат Статистика мен Жоба кеңсесінен алынады. Әрбір басшы жетістікке жету прогресін көріп, нәтижеге жетпей қалатындай қауіп болса, тиісті шара қабылдай алады. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің аппарат мәжілістеріндегі есептер азаматтардың өтініштері бойынша қаланың жүйелі түйткілдеріне сәйкес қатаң түрде тыңдалады» - дейді Жаннат Дүбірова.

Кәсіпорынға қала аумағында орналасқан, адам көп жиналатын орындарды қамтитын 6 мыңнан астам бейнебақылау камерасы қосылды. Бүгінгі таңда iKomek орталығы жағдаяттардың уақытылы шешілуін, елорда тыныс-тіршілігіне мониторинг және талдау жүргізілуін үйлестіретін құрал ретінде қызмет етеді.