Ильин 4 адамның өмірін қиған тікұшақ апатының алдын ала себебін атады

0
511

23 ақпан күні БҚО-да Ми-8 тікұшағы апатқа ұшырап, 4 адам көз жұмған еді.


Ильин 4 адамның өмірін қиған тікұшақ апатының алдын ала себебін атады

ERNUR.KZ. Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин БҚО-да 4 адамның өмірін қиған тікұшақ апатына байланысты пікір білдірді, деп жазады stan.kz.

Парламент Мәжілісі кулуарында министр тікұшақ апатының алдын ала себебін атады.

“Ми-8 тікұшағының борттық жазғышы халықаралық зерттеу ұйымына жіберілді. Ондағы мәлімет толықтай қаралады. Десе де, бей ресми мәліметтер бойынша апатқа ауа райының күрт бұзылуы себеп болуы мүмкін”, – деді Ильин.

Сонымен қатар министр нақты себебін халықаралық сараптама нәтижесі дайын болғанда айтатынына да тоқталды.

Еске салайық 23 ақпан күні БҚО-да Ми-8 тікұшағы апатқа ұшырап, 4 адам көз жұмған еді.