Ильхам Әлиев ресми сапармен Астанаға келді

0
606

Әзербайжан Президентін әуежайдан Үкімет басшысы Әлихан Смайылов күтіп алды.


Ильхам Әлиев ресми сапармен Астанаға келді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға Әзербайжан Республикасының президенті Ильхам Әлиев ресми сапармен келді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

«Әзербайжан басшысы Ильхам Әлиев Астанаға келді. Аздаған уақыттан соң ол Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесу үшін Ақордаға барады», - делінген БОРТ1 Telegram-каналында.

Әзербайжан Президентін әуежайдан Үкімет басшысы Әлихан Смайылов күтіп алды.

Еске салайық, Ильхам Әлиев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 10 сәуірде ресми сапармен келетінін бұған дейін жазған болатынбыз.

Астанада екі ел басшылары шағын және кеңейтілген құрамда кездесу өткізеді деп жоспарланған. Келіссөздер барысында Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы стратегиялық серіктестікті дамытудың негізгі мәселелері талқыланады.