Илон Маск Қазақстанда Tesla қуаттау бекеттерін биыл ашуды көздеп отыр

0
949

Осы жылдың наурыз айының ортасында Tesla Motors компаниясының басшысы Илон Маск Қазақстанда Tesla электромобильдеріне арналған қуаттау бекеттері ашылатынын айтқан болатын.


Илон Маск Қазақстанда Tesla қуаттау бекеттерін биыл ашуды көздеп отыр

ERNUR.KZ. Әйгілі Илон Маск Қазақстанда қуаттау бекеттерін биыл ашпақ, деп жазады ҚазАқпарат.

Tesla Motors компаниясының басшысы Илон Маск бұл туралы өзінің твиттер парақшасында жариялады.

«Тesla-ның суперчарджер мен қызметтік орталықтары Қазақстанда биыл пайда болады», - деп жазды Илон Маск.

Еске сала кетсек, осы жылдың наурыз айының ортасында Tesla Motors компаниясының басшысы Илон Маск Қазақстанда Tesla электромобильдеріне арналған қуаттау бекеттері ашылатынын айтқан болатын.

«Қазақстанда өте жақсы қолдау білдіріп жатыр. Онда да Supercharger орнатамыз деп ойлаймын», - дейді Илон Маск.