Иманғали Тасмағамбетов қызметінен босатылды

0
2 118

9 желтоқсан күні Иманғали Тасмағамбетов 63 жасқа толған болатын.


Иманғали Тасмағамбетов қызметінен босатылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетов зейнеткерлік жасқа толуына байланысты Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Иманғали Тасмағамбетов 1956 жылы қазіргі Атырау облысы, Махамбет ауданы, Новобогат ауылында туған.

Иманғали Нұрғалиұлы 1979 жылы Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінен түлеп ұшқан. Мамандығы – география және биология пәнінің мұғалімі. Ең бірінші жұмыс орны – өзінің ауылындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебі. Кейін сол Махамбет ауылындағы орта мектепте география және биология пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеген.

Иманғали Тасмағамбетов Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ең алғашқы көмекшілерінің бірі. Ол 1993 жылдан 1995 жылдар аралығында президент көмекшісі, 1998-1999 жылдары президенттің бірінші көмекшісі болды.

Өзінің саяси мансабында Білім және ғылым министрі, Қорғаныс министрі, Президент әкімшілігінің жетекшісі, Мемлекеттік хатшы, үш рет әкім және төрт рет әртүрлі премьер-министрлердің орынбасары, бір рет премьер-министр қызметін атқарды. Соңғы атқарған қызметі – Қазақстанның Ресей федерациясындағы төтенше және өкілетті елшісі.