Індеттің күздегі жаңа толқынына дайынбыз - Бағдат Қожахметов

0
630

Қазақстанда коронавирусты жұқтыру өсімі тоқтады.


Індеттің күздегі жаңа толқынына дайынбыз - Бағдат Қожахметов

ERNUR.KZ. Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов коронавирустың күзде күтілетін жаңа толқынына қарсы тұру мүмкіндігі туралы айтып берді, деп жазады ҚазАқпарат.

«Қабылданған шаралардың нәтижесінде қазір қолымызда жан-жақты сараланған мәліметтер бар. Бұл бізге болашаққа жоспар құрып, алдын ала дайындалуда мүмкіндік береді. Яғни, індеттің күзде күтілетін жаңа толқынына қарсы тұру үшін материалды әрі адами ресурстарды толығымен дайындауға жағдай жасалды», - деді Бағдат Қожахметов Орталық коммуникациялар қызметінде.

Бұдан бұрын хабарланғандай, коронавирусұа шалдыққан 70 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылды.

Еске салсақ, Қазақстанда коронавирусты жұқтыру өсімі тоқтады.