Инспектор өліміне қатысты деген күдікпен Қызылорда облысының тумалары іздестірілуде

0
1 502

Күдіктілердің аты-жөні, мінген көліктері анықталған


Инспектор өліміне қатысты деген күдікпен Қызылорда облысының тумалары іздестірілуде

ERNUR.KZ. ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Қарағанды облысында «Охотзоопром» инспекторын соққыға жығу оқиғасына қатысты түсінік берді, деп жазады ҚазАқпарат.

Министрдің сөзіне қарағанда, аталған іс бойынша Қызылорда облысының тумалары күдікке ілінді. Олардың арасында полиция қызметкерлері жоқ.

«Күдіктілердің аты-жөнін, мінген көліктерін анықтадық. Бұл ретте куәгерлер де табылды. Қазіргі кезде күдіктілерге қатысты іздеу жарияланды», - деді Қ. Қасымов.

Бұдан бұрын хабарланғандай, осыдан бірнеше күн бұрын 5 киік атқан браконьерлермен қақтығыста ауыр жарақат алған «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК инспекторы Ерлан Нұрғалиев 15 қаңтарда қайтыс болған еді.