Инвеститция тартудан Шымкент Алматыны басып озды

0
1 344

Шымкент өңдеу өнеркәсібінің арқасында, инвеститция тартуда көш бастап тұр


Инвеститция тартудан Шымкент Алматыны басып озды

фото:Baq.kz

ERNUR.KZ. Астана мен Шымкент қалалары инвестиция тартуда Алматыны басып озды, деп жазады Baq.kz.

Статистика комитетінің дерегіне сүйенсек, 2018 жылдың қаңтар-шілде аралығында Қазақстанға 5,49 трлн теңге инвестиция құйылған. Оның басым бөлігі Атырау облысына тиесілі – 36%. Негізінен қаржыландыру тау-кен өндірісі мен карьерлерді өңдеуге салынған, шамамен – 1,7 трлн теңге.

Астана мен Шымкент қаласы да алғашқы үштіктен көрінген. Елорда жылжымайтын мүлік операциялары қаражатының мөлшері бойынша көш бастап тұр (249,47 млрд тенге), ал Шымкент өңдеу өнеркәсібінің арқасында (307,69 млрд тенге) алда. Алматы төртінші сатыға ауысқан.

Сонымен қатар ең аз инвестиция Солтүстік Қазақстан облысында байқалған. Мәселен Қызылорда облысында тау-кен өндірісі мен карьерлерді өңдеу саласы басымдық танытса, солтүстікте ауыл шаруашылығына көңіл бөлген.