Ирак түрмелерінде жатқан қазақстандық балалардың қашан оралатыны анықталды

0
740

СІМ өкілі Қазақстанға 2-13 аралығындағы 10-нан аса баланың оралатынын айтады.


Ирак түрмелерінде жатқан қазақстандық балалардың қашан оралатыны анықталды

ERNUR.KZ. Ирак түрмелерінде жатқан қазақстандық балалар екі аптадан соң үйлеріне оралады. Бұл туралы Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп жазады Tengrinews.kz.

"Балаларды үйіне қайтару операциясы әлі жүргізілген жоқ. Қазіргі уақытта Ирак өкілдерімен талқылап жатырмыз, сондай-ақ, балалардың Қазақстанға келгенде орналасатын жерін белгілеп, әлеуметтік жұмыстармен айналысып жатырмыз. Балаларға қайта қалпына келуіне, туыстарымен бұрынғыдай араласуы үшін уақыт керек болады. Олар осы күнге дейін ауыр жағдайда болды. Таяуда осы операцияны жүргіземіз деп ойлап отырмыз. Нақты қай күні өтетінін әзірше белгілемедік. Келіссөздер жүргізу барысында ешқандай қиындықтар жоқ, тек кейбір сәттерді талқылап жатырмыз", - деді Айбек Смадияров.

СІМ өкілі Қазақстанға 2-13 аралығындағы 10-нан аса баланың оралатынын айтады.

"Олардың кейбіреулері жетім - әкесі де, шешесі де жоқ", - деді Смадияров.

Оның айтуынша, келіссөздер екі апта ішінде аяқталады.