Ирактың мемлекеттік қызметшілері Қазақстанда оқытылатын болады

0
1 021

Бүгін Ирак тарапының бастамасымен Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы Алик Шпекбаев Ирак Республикасының Қазақстан Республикасындағы сенімді өкілі Юнус Салим Сархан Аль-Шахманмен кездесті,- деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.


Ирактың мемлекеттік қызметшілері Қазақстанда оқытылатын болады

фото: kyzmet.gov.kz

Бүгін Ирак тарапының бастамасымен Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы Алик Шпекбаев Ирак Республикасының Қазақстан Республикасындағы сенімді өкілі Юнус Салим Сархан Аль-Шахманмен кездесті,- деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Алик Шпекбаев Агенттікпен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының базасында Ирак Республикасының мемлекеттік қызметшілерін оқыту мүмкіндігі қарастырылатындығын айтты.

Атап айтқанда, мемлекеттік басқарудың негіздері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру, жобаларды басқару, мемлекеттік басқару жүйесіндегі көшбасшылықты, стратегиялық менеджментті оқыту көзделуде.

«Ирак әріптестерін Қазақстанда оқыту мемлекеттік қызметтің сапасы мен мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру бойынша қазақстандық тәжірибені халықаралық деңгейге көтеруге септігін тигізеді», - деді Агенттік Төрағасы.