​Иранның əуе компаниясына Қазақстанға ұшуға куәлік берілді

0
1 055

«Mahan Air» 1 сəуір мен 23 қазан аралығында ұшу жиілігін арттырып, дүйсенбі жəне сəрсенбі күндері қатынайды.


​Иранның əуе компаниясына Қазақстанға ұшуға куәлік берілді

ERNUR.KZ. ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті Иранның «Mahan Air» əуе компаниясына елімізге ұшуға куәлік берді, деп жазады ҚазАқпарат.

Комитет мəліметінше, 2019 жылдың 4-25 наурызы аралығында, дүйсенбі күндері шетелдік əуе компаниясы А310 əуе кемесімен Тегеран - Алматы -Тегеран бағытында тікелей тұрақты рейстерді орындайды.

Сонымен қатар «Mahan Air» 1 сəуір мен 23 қазан аралығында ұшу жиілігін арттырып, дүйсенбі жəне сəрсенбі күндері қатынайды.

Айта кетейік, бұған дейін де Иран əуе компаниясы аталған бағыттағы рейсті орындаған. Бірақ 2017 жылы экономикалық себептерге байланысты ұшуын тоқтатқан еді.

Рейстердің қайта жаңғыртылуы екі елдің арасындағы жолаушылар ағынын арттырып, өзара тиімді ынтымақтастықты жандандырады.