Ірі мұнай құбыры желісіндегі апатты Ресей "ұйымдастырған" жоқ - министр

0
566

Қара теңізде қашан да ауа райы құбылып тұрады.


Ірі мұнай құбыры желісіндегі апатты Ресей

ERNUR.KZ. Каспий құбыр концорциумында (КҚК) апат болғаны мәлім. Осы тұста "құрылғының істен шығуын Ресей қолдан жасап отыр" деген ақпарат тарап жатыр. Бірақ энергетика министрі мұнымен келіспейді, деп жазады inbusiness.kz.

"Техникалық себептерден басқа ештеңе жоқ", - дейді Болат Ақшолақов орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

"Қара теңізде қашан да ауа райы құбылып тұрады. Жеті балдық апаттарға 10 жыл бойы шыдап келуге болады. Бірақ оның бәрі ескірді ғой. Адам да қартаяды, құрылғы да ескіреді. Техникалық бөлікте кілтипанның шығуына кішкене ғана жағдайлар себеп болуы мүмкін. Қазір маған бұл туралы айту қиын. Өйткені порт басқа елдің меншігінде. Өкінішке қарай мен ол жерге өз бақылаушыларымды жібере алмаймын. Порт пен кемеаялдамадағы шаруашылық, үш ВПО – концорциумның меншігінде. КТК-ға тек біз бен Ресей азаматтары иелік етпейді. Бұл концорциумға Батыс елдерінің, АҚШ компанияларының өкілдері де кіреді. Сол себепті сондағы анықтаушы персонал бір елдің мүддесіне емес, концорциум үшін жұмыс істейді", - деді ол. Оның айтуынша, қорытынды шығаруға әлі ерте. Су астында анықтау жұмысы жүргізіліп біткен жоқ.

"Бүгін кемеаялдамалардың бірі қайта іске қосылды. Осындай позитив жаңалық бар. Мұнайға толтыру үшін танкер жөнілтілгені айтылды", - деді Ақшолақов.