Ішімдік ішкен әйел 4-ші қабаттан секірді

0
932

Өз-өзіне қол жұмсауға тырысқан


ERNUR.KZ. Қостанай облысында 27 жастағы әйел көпқабатты үйдің терезесінен секіріп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақпаратты облыстық ТЖД баспасөз қызметі растады. Оқиға бүгін Рудный қаласында болған.

«Алкогольды ішімдік ішкен 27 жастағы әйел тұрғын үйдің төртінші қабатының терезесінен секіріп кетті. Әйел өзіне қол жұмсауға тырысқан. Ол Рудный қаласының ауруханасына жеткізілді», - делінген ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Түрлі ауыр дене жарақаттарын алған әйел аурухананың жарақаттану бөлімінде жатыр