Ішкі істер министрі Қытай елшісімен кездесті

0
1 194

Кездесу өзара түсіністік пен конструктивті диалог жағдайында өтті.


Ішкі істер министрі Қытай елшісімен кездесті

ERNUR.KZ. ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов пен Қазақстан Республикасындағы ҚХР-дың Төтенше және Өкілетті елшісі Чжан Сяоның кездесті, деп жазады baq.kz.

Кездесуге қатысушылар қылмысқа қарсы күрес, қоғамдық тәртіпті пен қауіпсіздікті қорғау саласындағы Қазақстан-Қытай ынтымақтастығының жағдайы және перспективалары туралы пікір алмасты.

Тараптар қызығушылық тудыратын бағыттарда екі жақты өзара іс-қимыл жасасуға дайын екенін айтты.

Кездесу өзара түсіністік пен конструктивті диалог жағдайында өтті.