Ішкі туризм саласының шығындары 6 пайызға қысқарды

0
461

​Саяхатшылардың көпшілігі жеке көлігімен сапарға шыққанды жөн санайды.


Ішкі туризм саласының шығындары 6 пайызға қысқарды

ERNUR.KZ. Өткен жылы ел ішінде 8 млн-ға жуық адам саяхаттаған, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда 6,9%-ға аз, деп жазады inbusiness.kz.

Саяхатшылардың көпшілігі жеке көлігімен жолға шыққанды жөн санайды. Олардың саны бір жыл ішінде 23,3% өсіп, 3,1 млн адамға жетті.

Халықтың тағы 22,5%-ы теміржол көлігінің қызметін пайдаланды: 1,8 млн адам, көрсеткіш 37,1%-ға төмендеді. Қалааралық автобустарды пайдаланушылар саны 992,5 мың адамды құрады; әуе көлігі - 286,7 мың адам; жалға алынған көлік құралдары – 8,2 мың адам. Туристердің көпшілігі жеке мақсаттар үшін саяхатқа шығады: 7,5 млн адам - бір жыл бұрынғыдан 4,4% аз. Ал 6,1%-ы кәсіпкерлік және кәсіби мақсаттарға бойынша сапарлайды: 489,7 мың адам, бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 33,4% төмен.

Қазақстандықтар көбінесе достары мен туыстарына бару үшін жолға шығады.

Яғни, коронавирустық инфекцияға байланысты әр түрлі шектеулерге қарамастан, осы мақсаттағы саяхатшылар саны тек 2,7% -ға, 4 млн адамға азайды. Сонымен қатар, демалыс пен шопингтер туризм саласында ең жиі кездесетін мақсаттардың бірі. Ішкі туризмге кеткен шығындар 290,9 млрд теңгені құрады - бұл біл жыл бұрынғы көрсеткіштен 6%-ға аз.

Аймақтық тұрғыдан алғанда, ең көп қаржыны Қарағанды облысы жұмсаған: 35,9 млрд теңге. Бұл ретте жеке мақсаттар үшін саяхаттарға 266,2 млрд теңге, ал іскерлік және кәсіби саяхаттарға 24,7 млрд теңге жұмсалды.