​Алматы облысында жер сілкінісі тіркелді

0
1 080

Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 72 шақырым жерде, Кеген ауданының аумағында орналасқан.


​Алматы облысында жер сілкінісі тіркелді

ERNUR.KZ.Алматы облысының Кеген ауданында жер сілкінді, деп жазады ҚазАқпарат.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жер сілкінісі 09 сағат 55 минутта тіркелген. Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 72 шақырым жерде, Кеген ауданының аумағында орналасқан. Зілзаланың энергетикалық санаты - 9.3. MPV магнитудасы - 4.6, тереңдігі - 20 км.