"Іскер" министрлер пайдасыз нәрсені шығарады, пайдалысын қалдырады – Бақытжан Сағынтаев

0
1 247

Үкімет отырысында премьер-министр Бақытжан Сағынтаев "іскер" министрлер туралы қалжыңдады.


ERNUR.KZ.Үкімет отырысында премьер-министр Бақытжан Сағынтаев "іскер" министрлер туралы қалжыңдады, деп жазады sputniknews.kz.

Үкімет отырысында Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов министрлерге көмірді қазірден бастап шығара беруді ұсынды.

"Тағы бір мәселе – көмір. Былтырғы жылғы жағдай қайталанбас үшін биыл Шұбаркөл разрезінде көмір жеткілікті. Біз басқа облыстармен бірігіп, кестесін жасадық. Сондықтан әріптестеріме өтінішім, сол кесте бойынша қазірден бастап көмірді шығара берген дұрыс болады", - деді Қошанов.

Үкімет басшысы энергетика министрі Қанат Бозымбаевқа мәселені бақылауға алуды тапсырды.

"Құрметті Бақытжан Әбдірұлы, осы айдан бастап бұл мәселемен басқа министрлік айналысады", - деді Бозымбаев.

Сағынтаев көмір мәселесіне енді инвестициялар және даму министрлігі жауапты екенін нақтылады.

"Қайырбек Айтбайұлы (инвестициялар және даму вице-министрі – ред. ескертп.), сізге ысырып тастапты ғой", - деп күлді премьер.

"Іскер министрлер солай жұмыс істейді. Пайдасыз нәрсені шығарады, пайдалысын қалдырады", - деп қалжыңдады Сағынтаев.