Ислам Әбішевтің ісіне қатысты видео жарияланды

0
2 437

Олар мердігер ұйым өкілінен су құбырын қайта жаңарту және ауылдық елді мекендерге тарату желілерін салу үшін 60 миллион теңгеден аса бопсалап пара алды деген күдікке ілінген.


Ислам Әбішевтің ісіне қатысты видео жарияланды

ERNUR.KZ. Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің төрағасы Ислам Әбішевке және «Қазақ күресі» дүниежүзілік федерациясы вице-президентінің ісіне қатысты видео жарияланды, деп жазады ktk.kz.

Су ресурстары комитеті басшысынан басқа, қазір Халықаралық "Қазақ күресі" Дүниежүзілік федерациясы" қоғамдық бірлестігінің вице-президентіне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Жанна Бастарованың айтуынша, олар мердігер ұйым өкілінен су құбырын қайта жаңарту және ауылдық елді мекендерге тарату желілерін салу үшін 60 миллион теңгеден аса бопсалап пара алды деген күдікке ілінген.

Еске салайық, сот 16 наурызда Ислам Әбішевке қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады.