Іздеуде жүрген Екібастұз тұрғыны Германияда қолға түсті

0
496

Сол сияқты Өзбекстанда іздеуде жүрген қылмыскер Павлодарда ұсталды.


Іздеуде жүрген Екібастұз тұрғыны Германияда қолға түсті

ERNUR.KZ. Жас жігіт 2021 жылдың қыркүйек айында Екібастұз қаласында ұрлық жасаған, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жазадан қашқан ол туған өңірін тастап, Германияға қашып кеткен.

«Дегенмен тәртіп сақшылары 19 жастағы тұрғынды Қазақстан Республикасы ІІМ Интерполдың ұлттық орталық бюросымен бірлесіп, Германия Республикасының Нюрнберг қаласында анықтады», - деді департаментте.

Сондай-ақ Павлодар қаласында Өзбекстан Республикасы Самарқанд облысының ІІБ іздестіріліп жатқан 58 жастағы қылмыскер ұсталды. Ер адам алаяқтық жасады деген күдікке ілінген. Іздестіру бастамашысына хабар берілді.

Айта кету керек, 2022 жылдың өткен кезеңінде жедел уәкілдер 25 қылмыскерді іздестірді.

Тәртіп сақшылары заңды бұзған адамдар жазадан құтылу үшін қашып, жасырына бастайтынын айтады, бірақ қылмыскерге іздеу жарияланған кезде барлық аумақтық бөлімшелерге және жақын орналасқан аймақтарға хабарлама жіберіледі.