«Junior Eurovision» финалында Қарақат Башановаға қалай дауыс беруге болады

0
521

Жеңімпаз әділ қазылар алқасы мүшелерінің дауыс беруі және 2 кезеңде өтетін онлайн-дауыс беру арқылы анықталады.


«Junior Eurovision» финалында Қарақат Башановаға қалай дауыс беруге болады

ERNUR.KZ. 29 қараша күні онлайн форматта «Junior Eurovision» танымал музыкалық байқауы өтеді. Онда Қазақстан атынан Қарақат Башанова өнер көрсетеді. Байқауды «Хабар» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Басталуы – сағат 22.00-де, деп жазады ҚазАқпарат.


"Биыл біз 11 елдің қатысушыларымен бәйгеге түскелі отырмыз. Олардың арасында 3 рет жең іске жеткендер де бар. Мысалы, Грузия. Ал, Мальта, Беларусь, Ресей, Польша сияқты елдер 2 рет жеңімпаз атан ып үлгерген . Биылғы жыл – біздің жеңіс ті жылымыз болуы керек деп ойлаймын. Қарақаттың жеңіске жету і үшін барлық мүмкіндігі бар", - деді алдағы халықаралық байқаудың финалына арналған баспасөз мәслихатында «Хабар» Агенттігінің басқарма төрағасы Ерлан Бекхожин.


Брифингіге «Хабар» Агенттігінің басшылығымен қатар, Қарақат Башанова және музыкалық сайыста айтылатын әнді жазған белгілі сазгер Хамит Шанғалиев қатысты.

«Junior Eurovision» байқауының ашылу салтанатында өткен жылы жеңімпаз атанған поляк әншісі Вики Габор әр елдің өнер көрсететін реттік нөмірін анықтады. Нәтижесінде, Қарақат «Forever» әнін екінші болып, яғни германиялық қатысушының қойылымынан кейін орындайтыны белгілі болды. Барлығы виртуалды сахнада 12 қатысушы бақ сынайтын болады.

Жарыстың ережесі бойынша, жеңімпаз әділ қазылар алқасы мүшелерінің дауыс беруі және 2 кезеңде өтетін онлайн-дауыс беру арқылы анықталады.

Қазақстандықтар Қарақатқа ғана емес, сондай-ақ басқа елдердің қатысушыларына да дауыс берудің бірегей мүмкіндігіне ие. Көрермендердің дауыс беруі junioreurovision.tv сайтында өтеді. Дауыс беру 28-ші қарашадан 29-шы қараша аралығында конкурстың финалы басталғанға дейін жалғасады. Финал аяқталғаннан кейін, көрермендердің өздерінің сүйікті әншілері үшін дауыс беруі үшін тағы 15 минут уақыт беріледі.

Дауыс беру және байқау туралы толығырақ ақпаратты сілтеме бойынша білуге болады.




Айта кетейік, ересектер арасында өтетін «Евровидениеге» қарағанда, Junior Eurovision. ән байқауының жеңімпазы болған ел келесі жылғы байқауды өз жерінде өткізу құқығын автоматты түрде иеленбейді.

· Ересектер арасында өтетін «Евровидениенің» тағы бір айырмашылығы, Junior Eurovision ән байқауына қатысушы елдерге өз өкілдерін қолдауға рұқсат етіледі. 18-ші Junior Eurovision ән байқауының жеңімпазы қазылар алқасының дауыс беруі және онлайн-дауыс беру арқылы анықталады. Дауыс беру жүйесі дәстүрлі негізде: 50% қазылар алқасының шешімі және 50% онлайн дауыс беру нәтижесіне байланысты. Онлайн дауыс беру junioreurovision.tv сайтында 2 кезеңде өтеді. Дауыс берудің бірінші кезеңі 28 қараша күні сағат 01:00-де ашылады және 29 қараша күні конкурс финалының тікелей көрсетілімі басталғанға дейін жалғасады. Дауыс берудің екінші кезеңі барлық қатысушылардың музыкалық қойылымынан кейін басталып, 15 минутқа созылады.

· Қазақстан Junior Eurovision ән байқауына алғаш рет 2018 жылы қатысты. Онда Данэлия Төлешова «Өзіңе сен» әнімен алтыншы орынға ие болды. 2019 жылы Ержан Максим «Арманыңнан қалма» әнімен екінші орынды (қазылар алқасының шешімі бойынша бірінші) иеленді. Қазақстанның бұл халықаралық байқауға үшінші рет қатысуы «Хабар» Агенттігінің Еуропалық хабар тарату одағының (EBU) қауымдасқан мүшесі болуының арқасында мүмкін болды.

· «Junior Eurovision Song Contest» алғаш рет 2003 жылы Копенгагенде (Дания) 16 елдің қатысушыларымен өткізілді. Телекөрермендер және қазылар алқасының жеңімпазды бірлесіп анықтау рәсімі 2008 жылдан бастау алады. Ол уақытқа дейін дауыс беруді көрермендер тікелей көрсетілім кезінде жүзеге асырды. 2007 және 2008 жылдардағы сайыстарда телевизиялық дауыс беруден түскен пайда «UNICEF» – ке тапсырылды. .

· 8 қазан күні «Junior Eurovision» байқауының ресми сайтында Қарақат Башанованың «Forever» атты әніне түсірілген бейнебаяны жарияланды.. Жобаның авторы - белгілі қазақстандық сценарист және режиссер Мәлік Зенгер. Тарихи өзгешеліктерді ескере отырып, киімдерді егжей-тегжейлі ойластырумен танымал стилист Анарбек Жәрдемов бастаған «Қазақфильм» АҚ мамандары айналысты. Түсірілім Алматы қаласында өтті.

· 2020 жылғы Junior Eurovision байқауына Беларусь, Франция, Грузия, Қазақстан, Мальта, Нидерланды, Ресей, Сербия, Испания, Украина, Польша және Германия елдерінің өкілдері қатысады.