Қағазбастылықтан құтылған дәрігерлердің айлығы өседі

0
1 304

Қағаз айналымнан бас тарту қаржыны біршама үнемдеуге мүмкіндік береді


Қағазбастылықтан құтылған дәрігерлердің айлығы өседі

ERNUR.KZ. Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында медициналық қызмет көрсету саласын цифрландыру қалай жүріп жатқанын айтты, деп жазады Baq.kz.

«Жыл басынан бері Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен құжаттардың қағазсыз айналымы жобаларын бастап кеттік. Бұл алғашқыда пилотты жоба болғанымен, 1 шілдеден барлық өңірлер жобаны жұмыс процесіне енгізіп үлгерді. Медициналық-ақпараттық жүйелерді енгізген медициналық ұйымдар қағаз түрінде жазбаны толтырмаса да болады. Өңірлерді аралаған кезде дәрігерлердің цифрландыру туралы пікірлерін тыңдап жүремін. Олар бастапқада қағазсыз жұмысқа үйрене алмағандарын айтты. Қағаз айналымнан бас тарту қаржыны біршама үнемдеуге мүмкіндік береді. Осы орайда әрбір медициналық ұйым қағаз айналымнан ай сайын 13-14 миллион теңгеге дейін қаржыны үнемдеп отыр. Біз осы үнемделген қаражатты дәрігерлердің еңбекақы қорына аударуды ұсындық», - дейді Олжас Әбішев.

Вице-министрдің медициналық персоналдардың көпшілігі министрліктің бастамасына қолдау білдірген.

«Үнемделген қаражат бюджетке қайтарылмай, еңбекақы қорына аударылады. Дәрігерлер де осы басымдықты түсініп отыр. Осылайша үнемделген қаражатты шешілуі тиіс мәселені реттеуге жұмсаймыз», - деді Олжас Әбішев.