Қайрат Нұртас пен Ержан Максим Елордада тегін концерт өткізеді

0
1 601

Концерт 3 тамызда ЕХРО кешенінде өтеді.


Қайрат Нұртас пен Ержан Максим Елордада тегін концерт өткізеді

ERNUR.KZ. 3 тамыз күні отандық танымал әнші Қайрат Нұртас және жас талант Ержан Максим Елорда жұрты мен қонақтары үшін тегін концерт өткізеді, деп жазады Елорда Инфо.

Жас әнші Ержан Максим кеште сүйікті халық әндерін және "Дети. Голос" шоуы аясында шығарылған әндерді шырқайды.

Концерт осы сенбі күні кешкі сағат 20:00-де EXPO-ның жазғы алаңында өтеді.

Ал әнші Қайрат Нұртас өз жанкүйерлеріне шын жүректен орындайтын ескі және жаңа хиттерін ұсынады.

Сондай-ақ бұл кеште сахнада Mad Men тобы да өнер көрсетеді.