"Қайрат" пен "Астана" арасындағы ойынды бірінші рет "Матч ТВ" арнасы көрсететін болды

0
511

Қазақстан футболының тарихында ішкі біріншілік ойынын ресейлік телеарна тікелей эфирінде бірінші рет көрсетілмек.


ERNUR.KZ. Қазақстан футбол федерациясы, "Қайрат" футбол клубы және ҚКФЛ арасындағы бірлескен келіссөздер нәтижесінде футболдан Қазақстан Чемпионатының 25-тур "Қайрат" - "Астана" кездесуі ресейлік "Матч!" телеарнасының эфирінде көрсетіледі, деп жазады vesti.kz.

"Матч!" телеарнасының эфирлік кестесінің жоспарлауының аяқталуына байланысты, Чемпионаттың ресми хабар таратушысы Qazsport телеарнасының келісімімен ойынды елорда уақытымен 15:00-де өткізу туралы шешім қабылданды.

Қазақстан футболының тарихында ішкі біріншілік ойынын ресейлік телеарна тікелей эфирінде бірінші рет көрсетілмек.

Еске салайық, ел чемпионатының аяқталуына екі тур қалғанда "Астана" командасы 56 ұпай жинап, турнир кестесінде бірінші орында келеді. Ал екінші сатыға жайғасқан "Тобыл" елордалық ұжымннан екі ұпай артта.

"Қайрат" болса Қазақстан біріншілігінің қола жүлдегері атанып, чемпиондық атағынан айырылды.