Қайрат Сатыбалды түрмеде жатып бес жұлдызды қонақ үй сатып алды

0
818

Қонақ үйдің қазіргі нарықтағы құны 11 миллиард теңгеге бағаланған.


Қайрат Сатыбалды түрмеде жатып бес жұлдызды қонақ үй сатып алды

Қайрат Сатыбалды түрмеде жатып бес жұлдызды қонақ үй сатып алды. Бұл жолы тартып алған жоқ, шынымен сатып алды. 6 миллиард теңгеге. Бірақ соның өзінде бұл қаржылық операция заңсыз дейді. Ал, атақты нысан жабылып, 160 қызметкер далада қалуы мүмкін, дейді ERNUR.KZ Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Бұл дауға мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай да куә болды.

Алматыдағы бес жұлдызды қонақ үй қызметкерлері мұңдарын Мәжіліс депутатына шақты. Кезінде заңсыз сатылды деген нысанның иесі жыл басында тағы өзгеріпті. Енді ол жабылып қалудың аз-ақ алдында тұр. Өйткен франшиза қазір басқарып отырған компанияға берілген. Яғни қожайыны ауысқан жағдайда қонақ үй жұмысын тоқтатуы тиіс екен.
«Егер бұл қонақ үй жабылатын болса, бұл жерде жалғыз мен ғана қиналмаймын. Бұл жерде 160 әріптесіміз бар. Басында қаншама қиындықтар бар. Біреуінің кредиті бар. Жартысынан көбі квартирада тұрады. Мен өзім үш баланың анасымын. 2 жыл бұрын марқұм жолдасым қайтыс болып кетті", - дейді қонақ үй қызметкері Айжан Шайхова.
Мейманхана заңгерлері құзырлы органдарға шағым түсіріп, кезінде келісімнің заңсыз жасалғанын дәлелдей алмай келеді. Қылмыстық іс 9 айдан бері тергелуде екен. Әзірге нәтиже шамалы көрінеді. Франшиза иелері өздері басқарып отырған қонақ үйдің түрмеде жазасын өтеп жатқан Қайрат Сатыпалдының жыл басында сатып алғанын айтады.
"2022 жылғы қаңтар оқиғасынан кейін ол ұсталып, қамаққа алынған. Сол қамақтан кейін 26 қыркүйек 2022 жылы оған байланысты сот үкімі шықты. Сот үкімі күшіне енгеннен кейін жазасын өтеу мекемесін Шығыс Қазақстанға жіберілген. Шығыс Қазақстанның Баралдай ауданы болу керек. Сонда жазасын өтеп жатып, сатып алу, сату келісім-шартын жасайды", - дейді адвокат Байназар Дайрабаев.
Шығыс Қазақстанда жазасын өтеп жатқан азаматтың астаналық нотариус арқылы сенімді өкіліне сенімхат бергені заңгерлер мен мәжілісменнің күдігін тудыруда. Қонақ үйдің қазіргі нарықтағы құны 11 миллиард теңгеге бағаланған.
«Енді орта жолдағы Байдала сияқты компания қамауда отырған нақты күндерін сіздерге айтып беремін. Қайрат Сатыпалдымен келісім-шарт жасасып, жаңағы 5-6 миллиард долларға соның атына өткізіп жіберген. Қалай бұл қамауда отырған адам. Нотариусты қалай апарды. Бұл жерде үлкен заңсыздықтар», - дейді ҚР Парламент мәжілісінің депутаты Мақсат Толықбай.
Осы келісімдер қаншалықты заңды түрде жасалған? Халық қалаулысы осыны анықтау үшін бұл мәселені тиісті органдарға жеткізетінін айтты. Сонымен қатар Үкімет басшысы мен Бас прокуратураға депутатытық сауал жолдайтынын жеткізді.