Қайрат Сүнтаев ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары болды

0
878

1992 жылдан бастап прокуратура органдарында қызмет еткен.


Қайрат Сүнтаев ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары болды

фото inbusiness.kz

Мемлекет басшысының Өкімімен Қайрат Сүнтаев ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қайрат Иматұлы Сүнтаев Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды», - делінген хабарламада.

Қайрат Сүнтаев 2019 жылдың шілдесінен бері Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы қызметінде болған.

1992 жылдан бастап прокуратура органдарында қызмет еткен.