Қайта вакциналау кезінде бірінші алған екпе салынбайды

0
518

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді.


Қайта вакциналау кезінде бірінші алған екпе салынбайды

ERNUR.KZ. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой онлайн брифингте еліміздегі қайта вакциналау қалай ұйымдастырылаты туралы айтты, деп жазады orda.kz

Алексей Цойдың айтуынша, Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанның халқын иммундау жөніндегі кеңес комиссиясымен бірге халықты қайта вакциналау тәсілдерін пысықтаған.

Халықаралық тәжірибені ескере отырып, коронавирус инфекциясына қарсы вакциналау шарасының толық курсын өткеннен соң, 6-9 айдан кейін қосымша дозасын егу ұсынылады. Оның өзінде векторлы (Спутник V – ред.) вакцина алған тұлғаларға 9 айдан кейін инактивті вакцина егу, инактивті (Sinopharm, CoronaVac, Hayat-Vax, QazCovid-in – ред.) вакцина алған тұлғаларға 6 айдан кейін векторлы екпе салу көзделіп отыр. «мРНК-вакцина» (Pfizer – ред.) алған тұлғаларға 6 айдан кейін инактивті немесе векторлы екпе салынады. Сондай-ақ бірізді екпе түрін салу арқылы қайта вакциналануға жол беріледі, – деді Алексей Цой Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.