Қаламқас кен орында болған өрттен қоршаған ортаға 98,7 млн теңге шығын келтірілді

0
1 588

Ауаға формальдегид пен түтін, метан, аммиак, фенол тараған.


Қаламқас кен орында болған өрттен қоршаған ортаға 98,7 млн теңге шығын келтірілді

иллюстрациялық фото: ашықдереккөзден

ERNUR.KZ. Қаламқас кен орында болған өрттен қоршаған ортаға 98,7 млн теңге шығын келтірілген деп жазады astanatv.kz.

Зерттеу тобымен ауа, топырақ, және судан сынама алынған. Нәтижесінде ауаға формальдегид пен түтін, метан, аммиак, фенол тарағаны анықталды. Ал, топыраққа мыс пен темір шамадан тыс сіңген. Тексеріс нәтижесінде облыстық Экология департаменті 4 бірдей әкімшілік іс қозғады. Айпұл көлемі 1,5 млрд теңгеден асады.

Еске салайық, 25 наурызда «МаңғыстауМұнайГаз»-ға тиесілі «Қаламқас» кенішінде ұңғымалардың бірінде 900 шаршы метр аумақта биіктігі 10 метрге жететін грифон өртенді. Қызыл жалын үш күүнен соң әрең сөндірілді.