​Қаллеки театры халықаралық «Золотой Витязь» форумында гран-при алды

0
1 089

Бұл – қазақ театрының жемісі.


​Қаллеки театры халықаралық «Золотой Витязь» форумында гран-при алды

ERNUR.KZ. Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры Мәскеуде өткен XVI Халықаралық «Золотой Витязь» театр форумынан гран-при жүлдесімен оралды, деп жазады Baq.kz.

Мәскеу қаласында өткен XVI Халықаралық «Золотой Витязь» театр форумына ресейлік театрлардан бөлек Армения, Сербия, Қазақстан, т.б. шетелдік театрлар қатысты. Форумның комиссиясы театрлардың қойылымдарын тамашалап, үздік деген спектакльді таңдаған. Үздіктердің қатарына кірген Астана қаласының Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры «Отелло» (Авторы: У.Шекспин, реж.: Т. Теменов, Қазақстанның Халық әртісі) трагедиясымен қатысып, қазылар алқасының шешімімен «Золотой Витязь-2018» мүсіншесінің, яғни гран-при иегері атанды.

Бұл – қазақ театрының жемісі, тәуелсіздікпен құрдас Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының кезекті жеңісі!