Қалың қардан екі қабатты үйдің шатыры опырылып түсті

0
732

Осындай төтенше жағдайларға жол бермеу мақсатында тиесілі аумақтарда, учаскелерде су тасқынына қарсы іс-шараларды уақытылы өткізу туралы ұсыныс жасады.


Қалың қардан екі қабатты үйдің шатыры опырылып түсті

ERNUR.KZ. Қалың жауған қардың салдарынан Нұр-Сұлтанда екі қабаттың үйдің шатырып опырылып түскен, деп жазады Skifnews.kz.

112 шұғыл шақырту нөміріне "Көктал-1" ауданы, Бабатайұлы №9а мекенжайында оқыс оқиға болғаны жөнінде сағат 13:07 қоңырау шалынған.

"Қаланың ТЖД бөлімшелері мен жергілікті атқарушы орган оқиға орнына жеткен соң, екі қабатты 16 пәтерлі тұрғын үйде қардың көп жиналуына байланысты жалпы ауданы 60 шаршы метр (шатырдың жалпы ауданы 768 шаршы метр) шатыр ішінара құлағаны анықталды", - делінген хабарламада.

Оқиға болған жерге дерек жеткен ТЖД қызметкерлері жалпы 228 текшеметр қарды үйдің төбесіне шығарған. Қазір үйдің төбесі толықтай қардан тазаланған.

"Астаналық ТЖД тұрғын үй кешендерінің (ПИК) және әкімшілік ғимараттарының (бизнес-орталықтар, СОО) қызмет көрсетуші компаниялардың өкілдеріне ауа райының күрт өзгеруіне және қардың еруіне байланысты, сондай-ақ осындай төтенше жағдайларға жол бермеу мақсатында тиесілі аумақтарда, учаскелерде су тасқынына қарсы іс-шараларды уақытылы өткізу туралы ұсыныс жасады. Тұрғын үй кешендері мен әкімшілік ғимараттарының өкілдеріне кіреберістердің шатыры мен күнқағарларын қар мен мұздан тазартуды, сондай-ақ үй маңындағы және іргелес аумақтағы жаяу жүргіншілер мен тротуарлық жолдарды тазартуды ұсынамыз", - деді ТЖД қызметкерлері.