Қамал Бұрханов өмірден озды

0
943

Ол 2007 - 2011 жылдары төртінші сайланған парламент мәжілісінің депутаты болған.


Қамал Бұрханов өмірден озды

Бұрынғы мәжіліс депутаты Қамал Бұрханов өмірден озды. Бұл туралы сенат депутаты Мұрат Бақтиярұлы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

"Жалған өмір-ай. Ұстазым, досым, әріптесім Қамал Бұрханов дүниеден озыпты. Соңғы екі жыл төсек тартып жатып калған еді. Мағрипа жеңгем колдан келгенше барлығын жасады. Амал нешік, бәрі бір жаратқанның қолында. Бақұл бол адал дос. Жаның жәннатта болғай, Қамал аға!", - деп жазды ол.

Қамал Бұрхановтың өмірлік жолы

Қамал Бұрханов 1954 жылы 31 наурызда Ташкент облысы Янгиүл ауданы Шуролисай ауылында туған. Ташкент мемлекеттік университетін, Мәскеу мемлекеттік әлеуметік университетін бітірген. Саяси ғылымдарының докторы, профессор.
Ә.Қастеев атындағы өнер музейінің ғылым қызметкері, С.М. Киров атындағы ҚазМУ аға лаборант, ассистент, аға оқытушы, доцент, декан орынбасары, профессор, оқу жұмысы жайындағы декан орынбасары, Тарих факультеті Саяси тарих кафедрасының меңгерушісі, әл-Фараби атындағы ҚазМУ деканы болды.