"Камасутра!": Алматылық кондуктордың әрекеті көпшіліктің сынына ұшырады (видео)

0
868

Желі қолданушылары бұл әркетті "Кондукторлардың кәсіби қимылы" деп жазған.


фото: видеодан скрин

ERNUR.KZ. Кондуктордың жолаушыларды автобусқа сыйғызу үшін жасаған әрекеті әлеуметтік желі қолданушыларының сынына ұшырады. Оқиға Алматы қаласындағы бағыттағы автобустардың бірінде орын алған.

Желі қолданушыларының біразы кондуктордың әрекетін сынап "ұятсыз екен" десе, енді біразы күлкіге қарық болғандарын жарыса жазуда.

Видеода кондуктор адамдарды автобусқа сыйдыра алмай, жолаушыларды күштеп ығыстырып, есікті жабады.

Бұл туралы елімізге белгілі журналист Данияр Есен де әлеуметтік желідегі парақшасына видеоны жүктеп, кондуктордың әрекетін "камасутраға" теңеген.


Сондай-ақ желі қолданушылары кондуктордың бұл әрекеті еліміздегі қалалардың біразындағы күнделікті таңертең және кешке қайталанып жүрген жағдай екенін жазуда.

«Кондукторлардың кәсіби қимылы», «Әр таң сайын осылай», "Астана да да осы жағдай" - деп жазады оқырмандар.