Кәмелеттік жасқа толмаған қызды зорлады: Педофил түрін өзгертіп, Қазақстаннан қашып кеткен

0
982

Қазір оны Қазақстанға экстрадициялау мәселесі шешілуде.


Кәмелеттік жасқа толмаған қызды зорлады: Педофил түрін өзгертіп, Қазақстаннан қашып кеткен

ERNUR.KZ. Калининград полициясы он үш жылдан астам уақыт бұрын педофилия үшін сотталған, елден қашып, бет пішінін өзгеріп алған сот төрелігінен жасырынған Қазақстан азаматын ұстады, деп жазады Stan.kz.

Қашқын қылмыскердің ұсталғаны туралы Ресей ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Ирина Волк хабарлады.

"Қылмыстық тергеу қызметкерлері он жылдан астам уақыт бойы мемлекетаралық іздеуде болған 29 жастағы Қазақстан азаматын ұстады. 2007 жылы ол кәмелетке толмаған тұлғаға зорлық-зомбылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды", - деді Ирина Волк.

Оның айтуынша, қылмыс жасалғаннан кейін ол келбетін өзгертіп, Ресей Федерациясына кетіп қалған. Осы жылдар ішінде ол тіркеусіз және жалған атпен өмір сүрді. Болжам бойынша, ол туысының құжаттарын пайдаланып келген. Ер адамның тұрақты жұмысы болмады және әр түрлі нысандардың құрылыс алаңдарында жұмыс істеді.

Қазір оны Қазақстанға экстрадициялау мәселесі шешілуде.