​Камерадан қашқан полиция киіміндегі азамат екінші бір көлікті соқты (видео)

0
3 561

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде полиция қызметкері формасын киген азаматтар мінген көліктің жол ережесін бұзғаны және кері қарай жүремін деп екінші полиция киіміндегі азамат мінген көлікті соққан сәт түсірілген видеосы тарады.


​Камерадан қашқан полиция киіміндегі азамат екінші бір көлікті соқты (видео)

фото: скриншот

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде полиция қызметкері формасын киген азаматтар мінген көліктің жол ережесін бұзғаны және кері қарай жүремін деп екінші полиция киіміндегі азамат мінген көлікті соққан сәт түсірілген видеосы тарады.

Бейнежазба иесі: «Тәуке хан мен Тәшенов көшесінің қиылысы. Полиция қызметкері бағдаршам алдында банкоматтан ақша алу үшін көлігін тоқтатып тұр. Ол өзі әне, іште. Ұяты жоқ қызметкерлер... Не істеп тұрсыздар? Жолды жауып тұрсыздар. Мұнда жасыл жанып тұр... Ал бұлар бейнебір бұзылып қалғандай тоқтап тұр. Әне, ақша алып жатыр... Ал мынау газет артында жасырынып отыр... Аға, бері келсеңізші! Қалай, ақшаңызды шешіп алдыңыз ба?», - деп тұрғанда көлік артқа қарай жүріп, арқасында тұрған көлікті соққандай дыбысы естіледі. Автордың айтуынша ол да полиция қызметкерінің көлігі.

Бейнежазба авторы көшеден өтіп бара жатқан жол-көлік полициясы көлігін тоқтатпақшы болады. Автор көлік иелерінің ешқайда кетпеуін өтініп тұрғанда жол-көлік полиция қызметкері де келеді. Автор болған жайды баяндап береді. «Камерадан қашам деп жайбарақат тұрған көлікті соқты... Жол қиылысына дейін 30 м, қайдағы тоқтау?.. Мыналардыкі комедия ғой... Анау әлі тығылып отыр... Қызметкер ме, клоун ба?», - дейді автор.

Бұл оқиғаға өткінші көліктер де тоқтап, назар аударған.

Желі қолданушылары бұл видеоға өз пікірлерін білдірген. «Әбен күлдім», «Ойбуй, шетелдің жұлдызы сияқты камерадан тығылып отыр», «Түсірген азамат екен. Осындай болу керек. Келісімге келу деген пункт бар, соны пайдалануы мүмкін. Протокол толтырмайды, ол бәріне белгілі...», «Сөзім жоқ, мұндай бассыздық қашан тыйылады?» дескен.

Бейнежазба Шымкент қаласында түсірілген болуы мүмкін.

Видео әлеуметтік желіден алынды