Канадалық боксшы Борат жайлы әзілі үшін кешірім сұрады

0
1 586

Канадалық боксшы қатесін түсініп, кешірім сұрады.


Канадалық боксшы Борат жайлы әзілі үшін кешірім сұрады

ERNUR.KZ. Канадалық боксшы Стюарт МакЛеллан алдағы қарсыласы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлымен жекпе-жек алдындағы әзілі үшін қазақстандық фанаттардан кешірім сұрады, деп жазады tengrinews.kz.

Бұған дейін МакЛеллан Facebook желісіндегі парақшасында Әлімханұлы Борат бейнесінде көрсетілген фотоколлаж жариялаған еді. Алайда канадалық боксшы қатесін түсініп, кешірім сұрады.

"Барша қазақстандық жанкүйерден кешірім сұраймын. Бораттың суреті олар үшін тіл тигізу болып саналатынын білген жоқпын. Алдарыңызда шын жүректен кешірім сұраймын. Бүкіл елді емес, қарсыласымды әжуалағым келді", - деді ол.



МакЛеллан - Әлімханұлы жекпе-жегі 17 тамызда Лос-Анджелестегі (Калифорния штаты, АҚШ) Banc of California Stadium аренасында өтеді. Кездесу он раундқа жоспарланған. Кездесуді тікелей эфирде QazSport телеарнасы көрсетеді. Қазақстандық уақытпен жекпе-жек 18 тамызда таңда болады.