Қанат Ислам WBO рейтингінің үздік бестігіне енді

0
918

Екінші орта салмақ санатында өнер көрсететін, WBO Global белдігінің иесі Айдос Ербосынұлы сегізінші орында тұр.


Қанат Ислам WBO рейтингінің үздік бестігіне енді

ERNUR.KZ. WBO (Дүниежүзілік бокс ұйымы) нұсқасы бойынша боксшылардың жаңартылған рейтингі жарияланды, деп жазады ҚазАқпарат.

Екінші орта салмақ санатында өнер көрсететін, WBO Global белдігінің иесі Айдос Ербосынұлы сегізінші орында тұр.

Орта салмақ санатында WBO International чемпионы Қанат Ислам сегізінші сатыдан бесінші орынға көтерілді. Одан кейінгі позицияға WBO Global белдігі бар Жәнібек Алімханұлы орналасқан. Ол өткен айда 13-орында еді.

Бірінші жартылай орта салмақ санатының өкілі WBO Inter-Continental чемпионы Жанқош Тұраров бұрынғыша тоғызыншы сатыда қалды.