Қандай мамандық иелері 1,5 миллион теңгеге дейін жалақы алады?

0
2 345

«Ақпараттық жүйелер» мен «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» факультетінің түлектері жоғары жалақыға ие.


Қандай мамандық иелері 1,5 миллион теңгеге дейін жалақы алады?

ERNUR.KZ. Сарапшылар енді ең қымбат мамандықтардың жалақысы қандай екенін анықтады, деп жазады Алтайньюс.

Мамандардың айтуынша, «Ақпараттық жүйелер» мен «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» факультетінің түлектері жоғары жалақыға ие. Бүгінде олардың еңбек пұлы 1,5 миллион теңгеге дейін жетеді екен.

– Ақпараттық технологиялардың дамуына байланысты қазіргі таңда IT мамандарына сұраныс өте жоғары. Тәжірибесі жоқ мамандардың өзіне жақсы жалақы ұсынып жатқан компаниялар жетерлік. «Ақпараттық жүйелер» мен «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығын айтар болсақ, бүгінде олардың орташа есеппен 600 000 теңгеден басталып, 1-1,5 миллион теңгеге дейін барады. Сондай-ақ, олардың қосымша басқа да жұмыстарды істей алатынын айта кету керек. Бұл сала мамандары үйде отырып-ақ, жақсы табыс таба алады, – дейді сарапшылар.

Ал «Құқықтану», «Кеден ісі» және «Қаржы» факультетін бітірген мамандар орташа есеппен 220 000-380 000 теңге алады екен.

Ал есепшілер мен аудиторлардың жалақысы, орташа есеппен 500 000 теңге.

Сарапшылар «Экономика», «Менеджмент» және «Маркетинг» факультеттерінің бүгінде заманауи екенін және оларға деген сұраныстың әрдайым жоғары болғанын айтады. Аталған мамандықтардың артықшылығы – тәжірибесі жоқ, енді ғана ЖОО бітірген жастар жұмысқа еш қиындықсыз орналаса алады. Жалақылары 120 000 - 130 000 теңгеден басталады. Ал мықты мамандар, яғни осы салады 3,4 жылдан аса жүрген қызметкерлер бүгінде 350 000 теңге жалақы ала алады.