Қаңтардағы ҰБТ-да 21 мыңнан астам түлек шекті балл жинай алмады

0
422

Орташа балл 76 баллды құраған.


Қаңтардағы ҰБТ-да 21 мыңнан астам түлек шекті балл жинай алмады

ERNUR.KZ. Қаңтардағы ҰБТ-да 21 мыңнан астам түлек шекті балл жинай алмады. Бұл туралы «ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«2023 жылы 123 мыңға жуық үміткер қаңтардағы Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсырды. Түлектердің 77% – ы қазақ тілінде, 23% - ы орыс тілінде, 91 адам ағылшын тілінде тестілеуден өтті. ҰБТ басталғалы шекті балды 83%-ға жуық талапкер жинап, 21 мыңнан астамы (17%-ы) шекті балл жинай алмады», - деді Емелбаев.

Ол атағандай, ҰБТ орташа балы 76 балды құрады. Ең жоғары балл – 139.

«Тест тапсырмаларының саны – 120. Оның ішінде Қазақстан тарихы 15-тен 20-ға ауысты, математикалық сауаттылықтан – 15, оқу сауаттылығынан – 20 және екі бейіндік пәннен – 35. Ең жоғарғы ұпай саны – 140. Тестілеудің жалпы уақыты – 4 сағат. Тестіленушілердің ең көп таңдаған комбинациясы - «Математика-Физика» (19%). Тапсырушылардың 18%-ы «Биология-Химия» комбинациясын таңдаса, 10%-ы шығармашылық емтиханды таңдаған. IT бағыттарға түсуге қажетті жаңа «Математика-Информатика» комбинациясын ҰБТ-ға қатысушылардың 10%-ы тапсырған», - деді Руслан Емелбаев.