"Қанжоса төбелес": Көкшетауда Төтенше жағдай қызметкерлері арасында жанжал шыққан

0
519

Қызметкерлердің кінәсі дәлелденсе қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылып қана қоймай, қылмыстық жазаға тартылатыны айтылды.


ERNUR.KZ. Көкшетауда ТЖД қызметкерлері арасындағы төбелестен кейін бір адам ауруханаға жеткізілді, деп жазады Stan.kz.

Ақмола облысы бойынша ведомствоның баспасөз қызметі мәліметінше, жанжал 16-17 қыркүйек аралығында өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің қызметкерлері арасында жұмыстан тыс уақытта болды.

Тұрмыстық жанжал қайғылы жағдайға алып келе жаздаған, бірақ тергеу мүддесі үшін егжей-тегжейлі ақпарат келтірілмегені атап өтілді. Жанжалдың себебі - жеке бас араздығы.


"Қызметкерлердің бірі ауруханада жатыр және оған медициналық көмек қажет болды. Жәбірленушінің өміріне қауіп төніп тұрған жоқ", - деп түсіндірді облыстық ТЖД бастығы Алексей Советов.


Аталған факті бойынша полиция департаменті сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Сондай-ақ ТЖД-де арнайы комиссия құрылды, ол оқиғаның барлық мән-жайын анықтайды.


"Қорытындысы бойынша кінәлі қызметкерлер қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылып қана қоймай, қылмыстық жазаға тартылады. Ақпаратты нақтылауға үшін қосымша хабарлайтын боламыз", - деп қорытындылады Ақмола облысы ТЖД бастығы.