Қапшағай қаласы ресми түрде Қонаев болып өзгерді

0
1 843

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 16 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауында Қапшағайға Қонаевтың есімін беру керек деп ұсыныс айтса, мен бұл пікірге қосыламын деген болатын.


Қапшағай қаласы ресми түрде Қонаев болып өзгерді

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Алматы облысының Қапшағай қаласы Қонаев қаласы деп қайта аталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорда ресми сайтына сілтеме жасап.

«Алматы облысының Қапшағай қаласы Қонаев қаласы деп қайта аталсын», - делінген Жарлық мәтінінде.

Еске салсақ, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 16 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауында Қапшағайға Қонаевтың есімін беру керек деп ұсыныс айтса, мен бұл пікірге қосыламын деген болатын.