Қар барысының терісі: академия президентінің суреті талқыға түсіп жатыр

0
2 597

Қайрат Закирьяновпен бірге түсірілген суретті Instagram желісінде спортшы Жанкош Тұраров жариялады.


Қар барысының терісі: академия президентінің суреті талқыға түсіп жатыр

ERNUR.KZ. Спорт және туризм академиясының президенті Қайрат Закирьяновтың кабинетіндегі қар барыстарының терілері қазақстандықтардың ашуын тудырды. Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі осы жағдайға қатысты пікір білдірді, деп жазады Tengrinews.kz.

Қайрат Закирьяновпен бірге түсірілген суретті Instagram желісінде спортшы Жанкош Тұраров жариялады. Суреттерде арыстанның, сілеусіннің, барыстың және құстардың терілерімен толтырылған жануарлар көрсетілген.

"Спорт және туризм академиясының Президентімен", - делінген еді суреттің сипаттамасында.

Алайда кейін спортшы бұл суретті өшіріп тастаған.




Табиғат қорғаушы Сәкен Ділдахмет Facebook желісіндегі парақшасында осы суреттерді жариялап, Қазақстанның экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінен Қайрат Закирьновта Қызыл кітапқа енген жануарлардың терісі қайдан пайда болды деген сұраққа жауап беруін сұрады.

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің өкілдері осы жағдайға қатысты пікір білдірді.

"Бұл суреттер біздің ашуымызды тудырды. Бұған жол беруге болмайды. Біздің ортақ міндетіміз - Қызыл кітапқа енген жануарлардың санын қорғау және сақтау, оларды тұрмыстық зат ретінде пайдаланбау.
Суреттерде қар барысының, сілеусіннің және арыстанның терісі бейнеленгеніне назар аудардық. Қазақстанда арыстандар жоқ. Сондықтан фотосуреттердің қай жерде түсірілгенін анықтау керек – біздің елде ме немесе шетелде ме", - деді ведомствоның баспасөз хатшысы Самал Ибраева.