"Қара бүркіт" түрмесінде 19 қызметкер коронавирус жұқтырды

0
1 412

"Қара бүркіт" түрмесінде Владислав Челах, алматылық атқыш Руслан Күлекбаев жазасын өтеп жатыр.


ERNUR.KZ. Қостанай облысы Жітіқара қаласында "Қара бүркіт" түрмесінде 19 қызметкерден коронавирус анықталды, деп жазады тengrinews.kz.

11 ер адам мен 8 әйел адамнан СOVID-19 анықталғаны белгілі болды. Олардың барлығы УК-161/3 мекемесінің 21-54 жас аралығындағы қызметкерлері. Олардың осыған дейін науқастармен байланыста болғаны анықталды.

Қазіргі уақытта науқастар Жітіқара қалалық ауруханасына жеткізілді, ем алып жатыр.

Айта кетейік, "Қара бүркіт" түрмесі Жітірақадан оңтүстік-шығысқа қарай 25 шақырым жерде орналасқан. Онда Владислав Челах, алматылық атқыш Руслан Күлекбаев жазасын өтеп жатыр.