"Қара пакетке оралған денелер": Маңғыстау әкімдігі желіде тараған видеоға пікір білдірді

0
614

Желіде тараған хабарламада видеоның Ақтаудағы медициналық мекемелердің бірінде түсірілгені айтылған.


ERNUR.KZ. Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде қазақстандықтар бір-біріне жантүршігерлік видео жіберіп жатыр. Кадрда қара пакетке оралған жерде жатқан денелер бейнеленген. Желіде тараған хабарламада видеоның Ақтаудағы медициналық мекемелердің бірінде түсірілгені айтылған. Бұл жайтқа қатысты Маңғыстау әкімдігі пікір білдірді, деп жазады kaz.nur.kz.

Әкімдік желіде тараған ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлім етті. Ведомство аталмыш видеоның облыс пен қаладағы ешбір ауруханаға қатысы жоғын айтты.


"Қара пакетпен оралған науқастардың мүрдесі бар видео Маңғыстау облысына еш қатысы жоқ. Сондықтан бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын ресми түрде мәлімдейміз. Аталған видеоны Ақтау қаласындағы ауруханамен байланыстырмауларыңызды сұраймыз", - деп жазды облыстық әкімдік желіде.