«Қара тізімге» енгендердің қайтадан несие алу мүмкіндігі бар

0
1 737

Бастама 8 сәуірден бастап жүзеге асады.


«Қара тізімге» енгендердің қайтадан несие алу мүмкіндігі бар

ERNUR.KZ. Несие тарихын жақсартудың жаңа механизмі жасалды, деп жазады 24.kz.

Бастама «қара тізімге» іліккендерге қатысты. Яғни, олар бұдан былай өз олқылығын базадан жойып, жаңа кредит алуға мүмкіндігі бар.

Несие тарихы нашар азаматтарға тағы бір мүмкіндік беріліп отыр. Бұл жөнінде Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің өкілі мәлімдеді. Бастама 8 сәуірден бастап жүзеге асады. Оған сәйкес, қайтару мерзімі 90 күннен асқан кредиттер «қалыпқа келтірілді» деген мәртебе алады.

Ол үшін несие жабылған кейін 12 ай өтуі керек және осы аралықта басқа проблемалы қарыздар болмауы тиіс. Арнайы құжаттардың қажеті жоқ. Кредиттік бюро мәселені өздігінен реттейді деді агенттік өкілі. Бұған дейін, «қара тізімге» іліккен азаматтар тәуекелі жоғары деген санатқа жататын және оларға ешқандай несие берілмейтін.

Ал қарызын әлі төлеп бітпегендер үшін сотқа дейінгі реттеудің жаңа жолдары қарастырылды. Яғни екінші деңгейлі банктер әр адамның төлем қабілетін бағамдап, оны жабуға мүмкіндік беретін кесте жасайды. Басқаша айтқанда, жүктемені барынша оңатайлы жеңілдету керек деді арнайы маман.