Қарағанды академиясының жаңа басшысы 2 жыл бойы қарыз төлемеген борышкер болып шықты

0
1 065

Академияның жаңа басшысы да заңға бағынатын адам болмай шықты.


Қарағанды академиясының жаңа басшысы 2 жыл бойы қарыз төлемеген борышкер болып шықты

ERNUR.KZ. Қарағанды Ішкі істер министрлігі академиясының жаңа басшысы коммуналдық төлемдер үшін қарызын төлемей жүрген борышкер болып шықты. Ақынқали Дәрменов «братва, біз бандамыз» деп желіде тарап, шу болған жаңа жылдық видеодан кейін аталған жоғары оқу орнының басшысы болып тағайындалған еді, деп жазады Stan.kz.

Ал академияның бұрынғы басшысы қызметінен өз еркімен кеткен болатын. Ол шуға айналған видеоның бас кейіпкері, Қарағанды ІІМ академиясының бірінші курс басшысының орынбасары Тастайбеков қызметінен босатылған уақытта жұмысынан өз еркімен кеткен еді. Бірақ, академияның жаңа басшы да заңға бағынатын адам болмай шықты.

Сот бөлмесінің базасы бойынша, Ақынғали Дәрменовтың 2 жыл бойы коммуналдық қызмет үшін ақы төлемегені анықталды. 2018 жылдың 1 қазанында Теміртау қалалық сотының Дәрменовтен жылу, су және кәріз жүйесі үшін 75 мыңнан аса қаражат өндіріп алу керек деген бұйрығы шыққан.

«Егерде, ол қарызы бар екеніне келіспесе, оның сотқа жүгінуге және бұл бұйрықтың күшін жоюға құқығы болды. Және қарызы жоқ екенін дәлелдесе сот үкімі сотпен жойылатын еді. Ал бүгінге дейін ондай арыз түскен жоқ. Сондықтан, ол сот үкімінің әлі күші бар»,- дейді Теміртау қалалық сотының үйлестіруші-судьясы Ерубай Дусалиев.

Естеріңізге сала кетейік, Жаңа жылда Қарағанды ІІМ академиясының бірінші курс басшысының орынбасары «Біз бандамыз» деп видеоролик жолдаған болатын. Артынша Қарағанды академиясының бастығы ішкі істер органынан кеткенін хабарлаған болатынбыз.